359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«АрМИ-2018»: Қазақстан құрамасы әзірге үшінші орында келеді

  • 148
«АрМИ-2018»: Қазақстан құрамасы әзірге үшінші орында келеді

Халықаралық армия ойындарының бірінші кезеңі бойынша қазақстандық құрама жалпыкомандалық есепте үшінші орында келеді.

Оның ішінде «Авиадартс-2018» сынағында отандық әскери ұшқыштар баскетбол добын шығыршыққа түсіру, белтемірге тартылу, гимнастикалық дөңгелекте шыр айналу және жүзу сияқты нормативтерді сәтті тапсырып, екінші орынға жайғасты. Бұл додада ресейліктер көш бастаса, үздік үштікті қытайлық команда түйіндеді. Ал жекелей сында жойғыш авиация ұшқыштары Ермек Мұқанов пен Александр Орел 112,3 ұпай жинап жеңімпаз атанды. Көлік-жауынгерлік авиациясының тобында Ерлан Омаров пен Илья Лукьянов бірінші орынды иеленді. Отандық әскери құраманың басқа да жасақтары «Әскери барлау үздіктері», «Эльбрус сақинасы», «Суворов қысымы» сияқты байқауларда ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, армия ойындары Қазақстан, Ресей және Қытай полигондарынан бөлек ИранӘзірбайжан, Беларусь, Армения елдерінің аумақтарында да өтеді.

Ақылбек Ермекұлы, қазақстандық топ командирі:

- Бүгінгі кезеңде біз 5-6 нүктеге келдік. Алты нүктені азимутпен және арақашықтығымен компас арқылы қимылдаудың арқасында жүгіріп отырдық. Әр нүктенің арасы 1,5-2,5 шақырым болды.

Хабар 24 телеарнасы