359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО шаруашылықтары күннен қуат алатын қондырғылар орнатты

  • 85

Батыс Қазақстан облысының 103 шаруа қожалығы күн көзінен қуат алатын қондырғылар орнатты.

Егер сатып алынған құрылғының құны 2 жарым миллион теңгеден аспаса төлеген соманың 80%-ы мемлекет тарапынан өтеледі. Инвестициялық жобаларды субсидиялау бағадарламасы бойынша шаруаларға жыл басынан бері 281 миллион теңге берілді. Баламалы электр энергиясын әсіресе Ақжайық, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарының шаруалары қолданып та жүр. Қазір күн панельдерінен алынған арзан қуат күшін 235 фермерлік нысан пайдаланып отыр. Қуаттылығы 2 килоВаттан жоғары қондырғылардың жарықтандырумен қатар сумен жабдықтауға да қауқары жетеді.

Берік Сейітқазиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Бағасы 900 мыңнан басталады, 3 миллионға дейін қымбаттары бар, бағасы қуаттылығына байланысты тұрады. 2 килоВаттан басталады, сол қуаттылығы малды суаруға, суаратын насостарға жеткілікті. Освещение бәріне жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы