352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында көп қабатты үйлердің құрылысы жүріп жатыр

  • 161

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 14 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Қазір жаңадан бой көтерген 15-шағын ауданда 10 нысанның құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін қазынадан 4 миллиард теңге бөлінген. Дайын баспаналар «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша беріледі. Қалған 4 үйді салуға Ұлттық қордан 1,6 миллиард теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін 1 мың 575 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлайды. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 6 көппәтерлі үй өз қожайындарын тапқан.

Нұрбол Қалдыбаев, облыстық құрылыс басқармасының бас маманы:

- Қаратау қаласында 4, Жаңатаста 1, және Тараз қаласында 1 арендалық тұрғын үй салынған. Былтыр Жамбыл облысы бойынша 397 мың шаршы метрлік баспана ел игілігіне берілген. Биылғы жоспар  430 мың 900 шаршы метрді құрайды.

Хабар 24 телеарнасы