369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі дизель отынның бағасы нарыққа байланысты реттеліп отырады

  • 200

Елімізде дизельді отын қымбаттады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, дизельді отын ауыл шаруашылығы мен теміржол салаларын қамтамасыз етуге бағытталады.

Және бізде мұнай өнімі, әсіресе дизельдің бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Тариф сұранысқа сай белгіленеді. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Болат Ақшолақов мәлімдеді. Атап өтейік, дизель отынына арналған акциз мөлшерлемесі биылғы бірінші маусымнан бастап бір литрі үшін 7,7 теңгеге өсті. Осыдан кейін шаруалар энергетика министрілігінен бағаны арзандатуды сұраған еді.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары: 

- Елімізде мемлекет тарапынан арзандатылатын жанармай жоқ. Осыны ескерсеңіздер деймін. Дизельді отынға мемлекеттен субсидия бөлінбейді. Баға нарыққа байланысты реттеліп отырады. Дизельге деген ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы