369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Халыққа қызмет көрсету секторлары ашылды

  • 144
Алматыда Халыққа қызмет көрсету секторлары ашылды

Алматы тұрғындарының 80 пайызға жуығы электронды цифрлық қолтаңба аштырған.

Бірақ оны барлығы бірдей күнделікті өмірде қолданады ма? Осы мәселеге алаңдаған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы филиалы қаладағы мектеп жәрмеңкелерінде халыққа қызмет көрсету секторларын ашты. Осындай жылжымалы сектор ірі базарларда да жұмыс істейді. Мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер мен балабақшаларда талап етілетін анықтамаларды ата-аналардың фронт-офистерге бармай-ақ алуына жағдай жасау. Сонымен қатар тұрғындарды электронды үкімет порталында өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Мамандардың айтуынша, Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары жыл басынан бері 935 мыңнан астам электронды қызмет көрсеткен.   

Әсел Мамажанова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы филиалы директорының орынбасары:

- Бұл шара 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Тиімді болып жатса, келесі жылы да ұйымдастырамыз. Бұдан өзге қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірнешеуінде цифрлық сауаттылыққа үйрететін сыныптар бар. Жалпы жыл сайын, тіпті, ай сайын фронт-офиске келіп анықтама алушылардың саны 10-20 пайызға азайып келеді. Менің пікірімше, ол адамдар қажетті қызметті мобильді қосымшалар мен Электронды үкімет порталы арқылы алып отыр.

Хабар 24 телеарнасы