352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық мамандар оқушыларға ТЖ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

  • 142

Төтенше жағдай кезінде балалар не істеуі керек?

Алматыда мамандар оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Тренингтер мен спорттық жарыстар қамтылған шарада өрт қауіпсіздігіне бағытталған шеберлік сабақтарына басымдық берілді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті балалардың жас деңгейіне сай интерактивтік бағдарлама әзірлеген. Олар бір сәт өздерін құтқарушы сезініп, тілсіз жауды ауыздықтауға тырысты. Сондай-ақ мамандар балаларға жер сілкінісі, сел, су басу кезінде қалай әрекет ету керектігін де түсіндірді. Ең бастысы, олар құтқару қызметінің телефон нөмірі мен өз мекенжайын жатқа білуі керек, - дейді мамандар.

Гүлдана Нұрымбетова, қалалық ТЖД халықты ақпараттандыру және оқыту тобының бас инженері:

- Балалар үшін ең бастысы құтқарушылардың білуі қажет. Мысалы кез келген бала өз нөмерін өрт сөндірушілердің нөмерін білмейді және де көп жағдайда мекенжай бойынша орналасқан пәтерін айта алмайды. Сондықтан ең маңыздысы, біз өрт сөндірушілерді тергенде өзінің мекенжайын орналасқан, үрейсіз қобалжусыз айтып беруді оқытамыз.

Хабар 24 телеарнасы