352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында 200 түлек жергілікті бюджеттен бөлінген грантқа ие болды

  • 82

Павлодар облысында жергілікті бюджет есебінен білім гранттарын үлестіру аяқталды. Биыл мұндай мүмкіндікке 200 мектеп түлегі ие болып отыр.

Гранттар өңірдегі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандықтарға бөлінді.

18 жастағы Ризабек Дүйсенғұлов – облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-мектебінің түлегі. Мемлекеттік грант иегері атануға бірнеше балл жетпей қалыпты. Көз дәрігері болуды армандаған жас енді Қарағанды медициналық университетінің студенті атанды.

Ризабек Дүйсенғұлов, талапкер:

Дәрігер болуды армандаймын. Грант иегері атанып, енді осы мұратыма бір адым жақындадым деп ойлаймын. Алдағы уақытта жеті жыл бойы білім нәрімен сусындап, ата-аналарым мен ұстаздарымның үмітін ақтауға тырысамын.

Мемлекеттік грант байқауында сүрініп қалғандардың қатарында Диана Жанпейісова да бар. Мектеп түлегі білім беру саласында еңбек ететін анасының жолын қуып, ұстаз болуды мақсат етіпті.

Диана Жанпейісова, талапкер:

Химия-биология пәнінің мұғалімі болғым келді. Сол мүмкіндік пайда болып, осы мемлекеттік грантқа өте алмай қалдым, өкінішті. Үмітті ақтауға тырысамын.Жіберілген жолдама бойынша жұмыс істеуге дайынмын.

Облыстық әкімдік бөлген 200 грантты иеленуге 300-ге жуық мектеп түлегі бақтарын сынады. Өтініштер еліміздің түкпір-түкпірінен түсіпті. Гранттардың басым бөлігі педагогикалық және медициналық мамандақтырға бөлінді. Өйткені жергілікті еңбек нарығында дәл осы салаларда білікті кадрлар тапшы.

Дінислам Болатханұлы, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

- Педагогикалық мамандықтардың ішінде негізгі түлектер бұл алғашқы мектеп дайындығы мамандығы және шет тілі, ағылшын тілі мамандықтарына сұраныс өте көп болды. Бұл балалар, жалпы, ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу нәтижесінде жинаған балдары өте жоғары. 102-ден жоғары болып табылады. Яғни, бұлар республикалық білім беру гранттары конкурсында шамамен 1-2 балл ғана жетпей қалған.

Педагогикалық және техникалық мамандықты таңдағандар жергілікті жоғары білім беру орындарында оқиды. Ал медицина саласының қызметкері атанғысы келетіндер Қарағанды және Семей қалаларына жол тартады.

Айта кеткен жөн, әкім гранттарына ие болғандарды жатақханамен қамту мәселесі басты назарда.

Қайрат Текжанов, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры:

- Бұл мәселе жолын тауып жатыр. Келесі жылы жаңа жатақхана саламыз. Қазіргі уақытта құжаттар дайындалып жатыр. Облыс әкімдігі тарапынан қаланың өз ішінен орын бөлінді, жер бөлінді. Сондықтан одан қорқатын ештеңе жоқ. Оқимын деген балаларды жатақханамен қамтымысыз етуге біз бар күімізді саламыз.

Педагогикалық мамандықтарға 65, техникалық мамандықтарға 35, жоғары білімді медицина кадрларын даярлауға 50 грант бөлінді. Жастар университетті тәмадаған соң әкімдіктің жолдамасымен елді мекендерде үш жыл бойы еңбек етуі тиіс.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы