356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда радиацияға байланысты арнайы жаттығу жүргізілді

  • 86

Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында радиациялық ластау көзі жойылды.

Тактикалық арнайы оқу жаттығу барысында футбол матч кезінде пайда болған радиациялық ластау көзін тауып, оны жою тапсырмасы берілді. Төтенше жағдайды ауыздықтауға барлық мемлекеттік органдардың бөлімшелері мен ҚР Ұлттық гвардиясының әскерилері жұмылдырылды. Оқу жаттығуға қатысушылар радиация шыққан нүктені тауып, жақын маңда болған адамдармен санитарлық шаралар өткізді. Мұндай оқу жаттығулар қазір өзекті, өйткені жауынгерлік әрекеттер болып жатқан елдерден радиациялық материалдардың ұрланғаны мен жоғалғандығы жайында ақпараттар жүріп жатқанын мәлімдеді ұйымдастырушылар. 

Марат Өтебаев, 6506 әскери бөлімінің радиациялық-химиялық қорғау қызметінің басшысы:

- Өткізіліп отырған іс шараның мақсаты далалық практикалық іс-шара бойынша радиациялық химиялық барлау техникасымен, санитарлық техникамен танысып, білімімізді жетілдіру.

Хабар 24 телеарнасы