369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда 5 мың текше метр су сорылды

  • 92
Петропавлда 5 мың текше метр су сорылды

Петропавл қаласында жауын-шашынан кейінгі су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

Коммуналдық қызмет байланысына барлығы 47 шақырту келіп түскен. Бүгінгі таңда оның 30-ы орындалды. Ауа райының қолайсыздығынан 6 арнайы апаттық бригада құрылып, тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Олардың көмегімен 5 мың текше метр су сорылды. Мамандардың айтуынша, үйлерде су жоқ. Қазір барлық күш көшелердегі шалшықтарға жұмсалып жатыр. Бұл жұмыстарға 10 арнайы техника менн 20 адам жұмылдырылған.

Авторы: Айдарбек Балғабеков

Хабар 24 телеарнасы