352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында үш ауысымды мектептердің саны азаймай тұр

  • 120
Алматы облысында үш ауысымды мектептердің саны азаймай тұр

Қазіргі таңда Алматы облысында сабақ кестесін үш ауысыммен жүргізетін 27 мектеп бар.

Олардың қатарын азайту үшін жаңадан 4 білім нысаны салынып жатыр. Тағы 8 мектептің құрылысы келесі жылы жүргізіледі. Қалған 15-нің жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеумен тиісті мамандар айналысуда. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға да баса назар аударылып отыр. Бұл мақсатқа биылдың өзінде 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Гүлсара Исағұлова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Биылғы жылдың өзінде облыстың мектептеріне 20 мыңнан астам оқушы қосымша келіп отыр. Биылғы жылы 45 мың оқушыны бірінші сыныпқа қабылдап отырмыз. Бұл дегеніміз жылдан-жылға бала саны артып жатыр. Ол – демографиялық өсім. Әрі қуанарлық мәселе деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы