352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде тағы бірнеше бағыттағы жол ақылы болады

  • 189

Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдарына ақы төлеу жүйесі енгізіледі.

Бұл жаңашылдық қыркүйек айында тесттік режимде іске қосылады. Белгіленген учаскелер соңғы үлгідегі метеостансалармен, ақпараттық тақталармен жабдықталған. Алдын ала төлем жасау жүйесі де қарастырылған. Осы ретте KazWay қосымшасы жасалды. Оған жол бойындағы қызмет көрсету нысандары, елді мекендер және республикалық маңызы бар жолдардағы медициналық пунктер енгізілді.

Дәурен Сәбитов, ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының  орынбасары:

- Осы республикалық маңызды жолдарда арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын енгізу жоспармыз да бар. Ол дегеніміз ауыр жүк көліктері өткен кезде аркадардан өткен кезде автоматты түрде өлшеу. Өлшегеннен кейін оның нәтижесін министрліктегі ахуалдық орталыққа беру арқылы біз республикалық маңызды жолдарды бақылап отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы