369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өз денсаулығына салғырт қарағандар заңмен жазалануы мүмкін

  • 130

Өз денсаулығына салғырт қараған қазақстандықтар келешекте жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Дәлірек айтқанда, дәрігер кеңесіне құлақ түрмегендер, дәрі-дәрмек пен екпені уақтылы қабылдамағандарға арнайы шара қолданылмақ. Тиісті министрлік «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне осындай нормалар енгізуді көздеп отыр. Сондай-ақ келесі жылдан бастап медицина саласында мемлекеттік грант бойынша оқыған түлектер міндетті түрде 3 жыл бойы өңірлерде қызмет етуі тиіс. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алексей Цой осылай деді. Оның айтуынша, бүгінде еліміз бойынша бұл салада 3 мыңға жуық маман жетіспейді. Әсіресе акушер-гинеколог, реаниматолог және балалар дәрігері тапшы. «Жаңа кодекс өзекті жайттардың шешімін табуға септігін тигізеді», – дейді министр орынбасары.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Биыл электрондық денсаулық сақтау паспортының бірыңғай банкісі іске қосылмақ. Бұл жүйеде адам туған сәтінен бастап өмір бойы көрсетілген медициналық қызмет түрлері бойынша барлық мәлімет болады. Осылайша азаматтың денсаулығын кез келген жерден бақылауға мүмкіндік тумақ. Кодексте осы паспорттың құқықтық негіздері жан-жақты қарастырылады.

Хабар 24 телеарнасы