352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда балабақша тәрбиешісі баланы ұйықтату үшін тұншықтырған

  • 756

Теміртаудағы балабақшалардың бірінде 50 жастағы тәрбиеші ұйқысы келмеген бүлдіршінді қылқындырған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада ересек әйелдің төсекте жылап жатқан баланың басын көрпемен қымтағанын көруге болады. Жантүршігерлік жазбаны көрген жұрт бірнеше сағаттың ішінде мыңдаған пікір қалдырған. Алайда біраз уақыттан кейін видеоны әлеуметтік желіден өшіріп тастаған. Бүгін Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған балаға күш қолданып, жұмысына салғырт қараған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде бейнежазбаның биыл мамыр айында түсірілгені, бірақ әлеуметтік желіге 2018 жылдың 27 тамызында жүктелгені мәлім болды.

Есентай Әшім, Теміртау қалалық білім бөлімінің басшысы:

– Жекеменшік балабақшада болған оқиға. Бұл балабақшада мемлекеттік тапсырыс орналастырылмаған. Қазіргі кезде мектепке дейінгі тәрбиелеуші мекемелерде лицензия қарастырылмайды. Олар бізден рұқсат сұрамайды. Дегенмен білім бөлімі осыған жауапты органдардың рұқсатымен тексеріске шығу керек болса, шығады. Бұл істі шектен шыққандық деу аз айтылған болар еді. Бұл – қылмыс.

Бақытжан Құдияров, облыстық ІІД МТАБ басшысының м.а:

– Баланы ұйықтата алмаған. Бала төсекте секіргендіктен, көрпемен бетін бүркеп тұншықтырғаны жөнінде мойындау көрсетпелерін берді. Бүгінгі таңда аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 140 бабы 2-і тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы