352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана әкімдігінің қарамағындағы 60 көлік мектеп пен ауруханаларға үлестіріледі

  • 122

Елордалық әкімдік жұмысшылары қызметтік көліктен бас тартып, таксимен жүретін болды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Астана Такси» жеке таксопаркі консорциумымен тиісті келісім-шарт жасалды. Бес жылға шақталған құжат бойынша қала әкімі мен оның орынбасарлары жұмысқа бизнес санатындағы таксимен қатынайды. Ал қалған шенеуніктер эконом-таксидің қызметіне жүгінеді. Әкімдіктің қарамағындағы 60 автокөлік ішкі істер органдары мен мектептерге және ауруханаларға үлестіріледі. Осылайша атқамінерлер бес жылда 1 млрд 200 млн теңге үнемдеуді көздеп отыр.

Ғали Есқалиев, қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы:

- Қазіргі ағымдағы шығындар сомасы кем дегенде 20 пайызға азайтамыз. Нақты нәтижелер бойынша бұдан да көп болады деп болжам бар. Осы жобаның басқа да жақсы жақтары бар. Мысалы, 5 жылда қала әкімдігі басқа көліктер сатып алмайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы