352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі барлық балабақшаға бейнебақылау камералары орнатылады

  • 131
Еліміздегі барлық балабақшаға бейнебақылау камералары орнатылады

Қарағанды облысында болған жантүршігерлік жағдайдан соң Білім және ғылым министрлігі еліміздегі барлық балабақшаға бейнебақылау камераларын орнатпақ.

Айта кетейік, Теміртау қаласындағы жекменшік балабақшалардың бірінде ұйқысы келмеген баланы 50 жастағы тәрбиеші тұншықтырған болатын. Мамыр айында түсірілген бейнежазба жуырда ғана желілерде тарап кетіп, тиісті органдар тексерісті бастап кетті. Бүгін Астанада өткен брифингте Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов елімізде жекеменшік балабақшалардың үлесі бүгінде 30 пайызға жеткенін айтты. Республикалық көрсеткішке сай 3-6 жаста аралығындағы бүлдіршіндер тәрбие ошағымен 95 пайызға қамтылып отыр. Дегенмен аймақтар мен ірі қалаларда сұраныс көп. Мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайту көзделген. Сондай-ақ енді тәрбиешілер білімін жетілдіріп, біліктілік сынағын тапсыратын болады.  

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

– Мәселе бар. Оның бастысы – балалардың қауіпсіздігі. Біз тәрбие ошақтарын жабдықпен қамту бойынша №70 бұйрыққа өзгеріс енгізуді сұрадық. Оның аясында барлық балабақшалар арнайы бейнебақылаумен қамтылуы керек. Ата-аналар балаларының жағдайын жүйелі бақылап отыра алады. 122 бұйрық бойынша білім бөлімдері жекеменшік бақшалардың ахуалын қадағалап отыруға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы