361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сырбойылық оқушылар оқулықпен толық қамтылды

  • 235
Сырбойылық оқушылар оқулықпен толық қамтылды

Қызылорда облысы Арал маңындағы мектептерге оқулық жеткізу мәселесі толық шешілді.

Облыстық білім басқармасы мамандарының хабарлауынша, мектеп оқушыларын жаңа мазмұндағы кітаптармен қамтамасыз ету жіті назарда. Оқулықтарды келісімшарт бойынша 11 кәсіпорын мен баспа жеткізеді. Кітаптар мен оқу-әдістемелік құралдарын сатып алуға 1,5 миллиард теңге бөлінген. Оның 1 миллиард 100 миллион теңгесі жаңа мазмұндағы оқулықтарды сатып алуға жұмсалған. Бұларды облыс мектептеріне жеткізу 15 тамызда басталған болатын.  Білім күні,.. облыстың 294 мектебі есігін айқара ашады.

Майра Мелдебекова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда біздің барлық аудандарымыз алды, тасымалдау жұмысы аяқталды. Арал ауданына, қашықтығына байланысты, бүгін жеткізіледі. Жалпы, бізде жаңа оқу жылында, 1 қыркүйекте 154 мыңнан астам бала келеді деп күтілуде. Ол былтырғы жылға қарағанда, 7 мың оқушыға көп болып тұр. Олардың барлығы оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде ешқандай да мәселе туындап тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы