359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласына қатысты сындарға жауап берді

  • 318

Соңғы кезде қоғамда денсаулық сақтау саласына қатысты сын көбейіп кетті.

Әсіресе әлеуметтік желілерде медицина мамандарын жерден алып, жерге салатындар жетерлік. Осыған байланысты бүгін құзырлы министрлік басшысы Елжан Біртанов тілшілердің басын қосып, қордаланып қалған мәселелерге қатысты жауап берді. Оның ішінде ана мен бала өлімінің төмендемеуіне алдымен елдегі әлеуметтік жағдайдың әсері бар екен. «Яғни бұл құбылыс біз сияқты орташа экономикалық дамушы мемлекеттердің бәріне тән», – дейді. Ал емханаларда ұзын-сонар кезектің азаймауын жүктеменің көптігімен түсіндірді. Әр дәрігерге тіркелген адамдар саны орташа стандарттан әлдеқайда асып кеткен. Ауылдық жерлерде жағдай, тіптен, мүшкіл. Өйткені халықтың жаппай қалаларға көшуіне байланысты ондағы ауруханаларды қажетті қаржымен және технологиямен қамтамасыз ету қиындап барады. Дәрігерлердің де шалғай ауылдарда жұмыс жасауға зауқы жоқ. Осы мақсатта мемлекеттік грантпен білім алғандарды 3 жыл комиссия бекіткен жерде қызмет етуге міндеттелгелі отыр. Бұған қоса, әрине, айлықтың төмен болу мәселесі де шешуші рөл атқарады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Әрине, жүйелі түрдегі медициналық қызметкердің айлығы туралы айту қажет. Біз мемлекеттік бағдарлама негізінде арнайы шаралар жоспарлағанбыз. Әр мекеме заң бойынша айлықтың көлімін өздері белгілейді. Әрине, тез өзгеріп келе жатыр деп айтуға болмайды. Бірақ біз көп жағдайда көп ұйымдардың санын қысқартып, айлықтарды көбейту мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы