369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Т.Дүйсенова Павлодардағы форумда «Нұр Отан» партиясы ұйымдары жұмысының маңыздылығын жеткізді

  • 100

Павлодарда «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдарының форумы басталды.

Екі күнге созылатын  алқалы жиынға өңірлерден жалпы саны 250 делегат қатысып жатыр.  Форумда  «Нұр Отан»  партиясының  хатшысы Тамара Дүйсенова елімізде  партия жұмысын жаңғырту үдерістері жүріп жатқанда бастауыш партия ұйымдарына зор міндет жүктеліп отырғанын жеткізді. Бүгінгі таңда елімізде партиялық 21 жоба жүзеге асып жатыр. Оған  Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы және мемлекеттік бағдарламалар кіреді. Форум қортындысында қатысушылар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер бастауыш партия ұйымдарының тұжырымдамасына енгізілетін болады.

Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан»  партиясының  хатшысы:

- Елдегі модернизация, жаңғырту мәселелерін жүргізуде біздің партия мүшелерінің қандай жұмыстар атқаруы керек. Болмаса жаңағы қандай да бір жаңа тәсілдерді қолдануы керек. Әрине бұрынғы жиналыстар, үлкен семинарлар жастарға қажет емес. Екіншіден цифрлық қоғамға өткен кезде қандай политтехнологияларды қолдану жөнінен мәселелерді қарастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы