352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Мерейлі отбасы» байқауының ақтық кезеңіне 16 жанұя жолдама алды

  • 132

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары 8 қыркүйекте анықталады. Жарыстың  ақтық кезеңіне әр өңірден 16 отбасы жолдама алды.

Ұлттық байқау осымен 5-жыл ұйымдастырылып келеді. 2014-ші жылдан бері бұл шараға 12 мыңға жуық отбасы қатысқан. Ал биыл  3 мыңға жуық жанұя  өзара бақтарын сынады. Ақтық сынға шыққан жанұялардың қатарында Димаш Құдайбергеновтың отбасы Айтпевтар әулеті де бар. Жеңімпаздарды марапаттау шарасы  сенбі күні  Астанадағы «Қазақстан» концерт залында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жылдан жылға қатысушылар қатары көп балалы отбасылармен, еңбеккерлер әулетімен және династиялық дәстүрді жалғастырған жанұялармен толығып келеді. Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйек күні қазақстандықтар отбасы күнін атап өтеді.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы ӘІОДС ұлттық комиссия төрайымының орынбасары:

- Былтырғы жылмен салыстырғанда жас отбасылардың қатары артты. 525 еңбек династияларының өкілдері қатысып отыр. Конкурсқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері бар, тылда еңбек еткендер бар спорттан, мәдениеттен табысқа жеткен отбасылар қатысты.0844  Қазір өңірлерден 16 отбасы қатысып жатыр. олардың ішінде республикалық жеңімпаз болатынын жақында көретін боламыз. 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында  СМС дауыс беру және  интернет дауыс беру оны анықтайтын болады. Бұл енді белгіленген тәртіп бойынша жүрігізіледі.

Хабар 24 телеарнасы