359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сапалы интернетке қашан қол жеткіземіз?

  • 85
Сапалы интернетке қашан қол жеткіземіз?

Республикалық жолдардың өзінде интернет байланысы аракідік үзіліп қалады.

Бүгінгі Үкімет сағатында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко мәселе көтерді. Депутат алыстағы ауылдарда интернет мүлдем жоқтың қасы екенін айтады. Сөзіне дәлел ретінде Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерді атады.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

– Біздегі жолдардың бәрінде қашан интернет дұрыс жасайды? Біз және сіздер тиісті шешім қабылдадық. Әрине әрбір ұялы байланыс операторына өз терминалын қою қиын. Біз соны ескеріп, пайдалану арзанға түссін деп, бірігіп бір терминал қоюға рұқсат бердік. Бірақ біздегі мәлімет бойынша операторлар бұл іспен айналысқысы келмейді. Сонымен біздің жолдарымызда ұялы байланыс қашан болады?

Дарын Тұяқов, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары:

– Операторлар 2020 жылдың соңына дейін барлық жолдарды 100 пайыз 2G байланыспен қамтуы керек. Бұл – олардың мемлекет алдындағы міндеті. Сонымен қатар біз қазір радиомониторинг жүргізетін арнайы көлік сатып алдық. Оның көмегімен қай жерде интернеттің бар-жоғын анықтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы