356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЖИТС ауруын қасақана таратқан азамат үстінен іс қозғалды

  • 76

Қарағанды облысында ЖИТС ауруын қасақана тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетсек, Теміртау қаласының 28 жастағы тұрғыны қыздармен ғаламтор арқылы танысып, кездесу барысында оларға аса қатерлі вирустық ауруды жұқтырған. Анық болғандай ауруды таратушы науқас 7 жыл бұрын облыстық ЖИТС орталығының есебіне алынған. Ол жұқпалы ауруды тарату әкімшілік және қылмыстық іске жататынын біле тұра, жыныстық қатынасқа түскен. Нәтижесінде жүре пайда болған иммундық дефицит синдромына 4 әйел шалдықты.

Айта кеткен жөн, Қарағанды облысында осыдан 4 жыл бұрын дәл осындай қылмыс жасаған Теміртау қаласының тағы бір тұрғыны 7 жылға сотталған болатын.

Нағима Түлекбаева, облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес орталығы бөлімінің меңгерушісі:

- Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары барысында біз байланысушы тұлғаны анықтаймыз. Яғни біздің басты мақсатымыз – аурудың таралуы мен жұғу жолдарын анықтау. Одан кейін барлық құжаттарды жинақтап , зардап шеккендердің арызын қабылдап, заңгерлер ішкі істер органдарына тапсырады.

Хабар 24 телеарнасы