356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында құрылыс көлемі 8,2 пайызға өсті

  • 73

Жамбыл облысының экономикасында құрылыс көлемі 59,7 миллиард теңгені құрап, 8,2 пайызға өсті.

Қазір  облыс орталығында, әсіресе, тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Оған «Нұрлы жер» бағдарламасы тікелей әсер етіп отыр. Осының арқасында «7-20-25» жобасы жүйелі жүзеге асырыла бастады. ҚР Ұлттық банкінің Жамбыл облыстық филиалы берген мәліметке сәйкес бүгінгі күнге дейін аймақта аталған бағдарлама аясында құны 148 млн теңгенің 14 өтініші түскен. Оның 10 мақұлданды. Жалпы өңірде жыл басынан бері 10 көпқабатты үй пайдалануға беріліп, тағы 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыста 90% отандық өнім пайдаланылуда. «Бұл отандық құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарға үлкен нарық көзі болып отыр. Сонымен қатар жергілікті экономикаға да өз әсерін тигізбей қоймайды», - дейді мамандар.

Гүлдана Жауынбекова, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

- Біздің облыс көлемінде 430 мың шаршы метрге құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр. Оның 8 айдың қорытындысы бойынша 311 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Мына көп пәтерлі тұрғын үйлерінің жүргізілуінің негізінде, сондай-ақ мектеп құрылысының жүргізілуі негізінде тұрғын үй алқаптарын газбен, жылумен, сумен қамтамасыз ету негізінде осы құрылыс жұмыстарының көлемі тұрақты өсіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы