Денис Тен пышақталды: оқиғаға қатысты жаңа деректер - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Денис Тен пышақталды: оқиғаға қатысты жаңа деректер

  • 470
Денис Тен пышақталды: оқиғаға қатысты жаңа деректер

Денис Теннің пышақталуына байланысты жаңа деректер пайда болды.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Құрманғазы/Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00 шамасында болған. «Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл жұмысқа барлық ІІД құрамы жұмылдырылды», – деді қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Ал дәрігерлердің айтуынша, Денис Тен ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. «Денис Тенді 19 шілде күні 14:56-да Жедел жәрдем стансасына пышақтап кетті деген хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде дәрігерлер жетті. Пациент Орталық клиникалық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған. Сан тамырлары жараланған. Сыртқы қан тоқтамауы бар», – деді дәрігерлер.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 әлеуметтік желілерде