Дәрігерлер Денис Теннің өмірін неліктен сақтап қала алмағандарын түсіндірді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Дәрігерлер Денис Теннің өмірін неліктен сақтап қала алмағандарын түсіндірді

Дәрігерлер Денис Теннің өмірін неліктен сақтап қала алмағандарын түсіндірді

Қазақ елінің мақтанышы Денис Тен қарақшылардың қолынан мерт болды.

Ол тапа-тал түсте көлігінің айнасын ұрламақ болғандардың үстінен түсіп, пышақпен ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды. Қайғылы жағдаймен бөлісуге мәжбүрміз. Бүгін тапа-тал түсте Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында  екі қарақшы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің көлігінің айналарын тонамақ болған. Сол сәтте мәнерлеп сырғанаушы олардың үстінен түсіп, арада кикілжің болған. Салдарынан қаскөйлер Тенді бірнеше жерінен пышақтап, өздері оқиға орнынан іздерін суытқан.

Нұржан Исабеков, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Денис Теннің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Науқас ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болған еді. Барлық жағдай жасалды. Дегенмен оны аман алып қалу мүмкін болмады. Қайтыс болуына жарақаттың орналасуы мен қанның тым көп кетуі себеп.

Авторы: Алмас Сәдуақас

Хабар 24 әлеуметтік желілерде