Джейсон Браун: Ерекше жаннан айырылып қалдық - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Джейсон Браун: Ерекше жаннан айырылып қалдық

Джейсон Браун: Ерекше жаннан айырылып қалдық navka-ice-queen

Көңіл айту хаттарын жеке парақшаларында ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Евгения Медведева, Аделина Сотникова, Максим Транков, Алена Савченко және Татьяна Тотьмянина жазған.

Сондай-ақ Денистің шетелдік әріптестері де өз ойын ғаламтор беттерінде қалдырған.

«Денис Тенге қатысты қайғылы хабар менің қабырғамды қайыстырды. Ол өте мейірімді, ашық-жарқын әрі талантты еді. Қазір менің жүрегім оның отбасымен, оны жақсы көрген адамдармен бірге», – деп американдық мәнерлеп сырғанаушы Джонни Вейр өз пікірін білдірген.

Ал мәнерлеп сырғанаушы Джейсон Браун: «Ерекше жаннан айырылып қалдық. Денис мені әрдайым таң қалдырушы еді. Ол өз ісінің шебері, әрі мейірімді азамат ретінде жадымда мәңгі сақталады», – деп жазба қалдырды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде