352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде кәуап пісірмек болған жүкті әйел күйіктен көз жұмды

  • 523
Ақтөбеде кәуап пісірмек болған жүкті әйел күйіктен көз жұмды

Ақтөбенің Кеңқияқ ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Отқа керосин құйып, кәуап пісірмек болған отбасында жүкті әйел көз жұмды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Кеңқияқ ауылы тұрғындарының айтуынша, кәуап пісірмек болған отағасы от тұтатып, жанбаған соң 5 литр «баклажкада» тұрған жанар-жағармайды отқа құйып жібереді. Сол кезде от лап етіп, жанып жатқан «баклажкадағы» бензин жүкті әйелдің үстіне төгіледі. Ерлі-зайыптылар күйік шалып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер жүкті әйелге ота жасағанымен, ана мен баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Ал денесінің тең жартысын күйік шалған ауыл тұрғыны қазір ем қабылдап жатыр. «Күйік шалған ер адам ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты, орташа. Науқас жалпы палатаға ауыстырылды»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Алмагүл Сержанова.

Хабар 24 телеарнасы