356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жол апатынан жүкті әйел мен бала зардап шекті

  • 126
Алматыда жол апатынан жүкті әйел мен бала зардап шекті

Алматыда жүк көлігі мен жеңіл автомобильдің соқтығысуынан үш адам зардап шекті.

Олардың арасында жүкті әйел мен 9 жастағы бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты Төле би және Қастеев көшелерінің қиылысында, Орталық мәдениет және демалыс саябағына жақын маңда болған. Жеңіл көлік Шығыс айналма жолына қарай келе жатқан. Кенеттен Қастеев көшесінен Төле би көшесіне КамАЗ жүк көлігі шыққан. Салдарынан жеңіл машина көптонналы көліктің дөңгелегіне соғылған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, жол апатынан көлікте болған үш адам зардап шекті – жүргізуші, оның жүкті әйелі және 9 жастағы баласы. Барлығы ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы