359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында екі вагон рельстен шығып кетті

  • 165
Қостанай облысында екі вагон рельстен шығып кетті russia now

Оқиға Әулиекөл ауданы Қазанбасы станциясында болды.

Облыстық ТЖД баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, бұл туралы ақпарат таңғы сағат 05.55-те келіп түскен. Қиыршақтас тиелген вагондардың апатқа ұрынуына дөңгелектерінің істен шығуы себеп.

Оқиға салдарынан № 37 «Астана-Маңғыстау» жолаушылар пойызы кешіктірілді. Абырой болғанда адамдар аман. Қазанбасы теміржол станциясының жұмысшылары жөндеу-қалпына келтіру шараларына жұмылдырылған.

Авторы: Абылай Мауданов

Хабар 24 телеарнасы