USD 330.32 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


М.Дорнфельдт: Астана процесі – Сирия кикілжіңін реттеудегі маңызды қадам

  • 157
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
М.Дорнфельдт: Астана процесі – Сирия кикілжіңін реттеудегі маңызды қадам

Еуропа елдері Астана процесіндегі келіссөздерге үлкен үміт артып отыр.

Неміс саясаттанушысы Маттиас Дорнфельдт Қазақстанның медиатор және ізгі ниетті ара ағайын ретіндегі рөлі айрықша екенін атап өтті. Оның пікірінше, елордадағы кезекті кездесу – Сирия кикілжіңін реттеудегі маңызды қадам.

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы: 

- Еуропа Астанада өтіп жатқан келіссөздерді қолдап отыр. Жағдайдың реттелуіне аз қалды. Еуропаға қарай ағылған босқындар бізді кәдімгідей алаңдатады. Көптің пайымы бойынша, аймақта мәселе шешілсе, сириялықтар атамекенінен бас сауғалауды доғарады. Түркия мен Еуропаға қоныс аударған босқындардың отанына қайтуға мүмкіндік туар еді. Көріп отырғанымыздай, Сириядағы кикілжіңді шешу оңай шаруа емес. Осы тұста Қазақстан мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосып отырған үлесін атап өткім келеді. Менің ойымша, Қазақстан өзге де мәселелерді шешуде маңызды рөл атқара алады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top