359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте терроризммен күрес кодексі іске қосылмақ

  • 150

Маңызды құжат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асты.

Елбасы Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ-ның Бас ассамблеясын жаһандық антитеррорлық колалиция құруға шақырған еді. Кодексті әзірлеу жұмысына әр елдің өкілдері мен контртерроризм саласындағы сарапшылар тартылды. Қазақстан тарапы өңірлік топтармен келіссөз жүргізіп, ұсынысын тыңдады. Енді кодекске қыркүйекте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясы аясында қол қойылмақ.

Сухайми Тажуддин, БҰҰ жанындағы Малайзия тұрақты өкілінің кеңесші-елшісі:

- Терроризм әлемнің барлық елдеріне қауіп төндіріп тұр. Сол себепті онымен күрес жолында ортақ шешім қабылдап, біріккеніміз жөн. Қазақстандық бастама өте заманауи және мемлекеттерге осы мәселені саяси жолмен шешуге мүмкіндік береді. Бейбіт өмірге қол жеткізу кодексіне қол қойылған соң, жоспарланған барлық тармақ жүзеге асады деп ойлаймын. Қазақ елі ұсынған бұл халықаралық құжат серіктестікті жан-жақты қамтиды. Сол себепті Қазақстанға үлкен алғыс айтқым келеді. Осы жобаны соңына дейін жүзеге асыратындығымызға сенімім мол.

Хабар 24 телеарнасы