USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Елордада футбол фристайлынан ел біріншілігі өтті

Елордада футбол фристайлынан ел біріншілігі өтті

Бүгін әуесқой және еркін аяқ доп шеберлері арасында кезекті ел біріншілігі өтті.

Алғаш рет Қазақстанның футбол фристайлы федерациясы мұрындық болған додаға әр аймақтан 20-ға жуық спортшы қатысты. Допты шыр көбелекше айналдырған фристайлшылар «Айронмэн», «Сиктри», «Рутина» және «Баттл» дисциплиналары бойынша мықтылық байқасты. Ал оларды спорттың осы түрінен әлемнің және Ресейдің бірнеше дүркін чемпиондары бағалады.

Теңбіл допты ырқына бағындырып, оны күрделі қимылдар арқылы ұзақ уақыт әуелеткен үздіктер жеңімпаз атанып, құрметке бөленді. Ал оларға қолдау білдірген белсенді көрермендер арасында Астана құрамасы ойыншыларының қолтаңбалары қалдырылған доп пен клубтың Еуропа лигасы аясында  Вильярреалға қарсы өтетін матч билеттері ойнатылды.

Нұрсейіт Досмағамбет, қатысушы.

- 2015-2016 жылдан бастап өте қарқынды дамып жатыр. Себебі біздің елде 2 мектеп ашылды. Бірінші ол біздің мектеп болды және Алматының мектебі. «Астана ФФ» деген жігіттер мектебі болды.

Қуаныш Әбдуәлиев, Қазақстанның футбол фристайлы федерациясының президенті:

- Бұл жарыс «Астана» кәсіби футбол клубының, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының және қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткізіліп отыр. Осы сәтті пайдаланып, барша жанкүйерді 23 қарашада испаниялық Вильярреалға қарсы болатын матчқа шақырамын. Еуропа лигасы аясында топтық кезеңнен өтуге толық мүмкіндігіміз бар. Келер ойында клубтың емес, елдің намысы қорғалмақ.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде