USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

А.Шевченко: Спринтерлік бәсекеде жартылай финалға өтем деп ойламадым

  • 148
А.Шевченко: Спринтерлік бәсекеде жартылай финалға өтем деп ойламадым Фото: pavlodarnews.kz

Пхенчхан төрінде қысқы ойындардың төртінші жарыс күні енді қыза түсті. Қазір олимпиадалық қаланың түкпір-түкпірінде спорттық сындар өтіп жатыр. Мәселен, осыдан тура жарты сағат бұрын жарыс жолына шорт-трек шеберлері шықты. Ал конькимен жүгірден ел намысын қорғайтындар бәсекені бастады. Сонымен қатар осындан бірер минут бұрын шаңғы жарысынан алғашқы іріктеу сындары өткен болатын. Жерлестеріміз арасынан Алексей Полторанин мен Анна Шевченконың жолы болды. Олар спринтерлік қашықтықты жақсы уақыт көрсеткішімен бағындырды. Яғни жалпы есепте алғашқысы 13, ал Шевченко 27-сатыда тұр. Ширек финалға алдыңғы отыздық қана өтеді. Сондықтан бірер минуттан кейін қазақстандық шаңғышылар кезекті мүмкіндігін сынап көреді. Жарыстың қорытынды нәтижесі жайында алдағы сағаттың жаңалықтарында міндетті түрде айтамыз.

Анна Шевченко, ұлттық құрама мүшесі:

Іріктеу сыны сәтті аяқталды. Енді келесі кезеңге дайындалып жатырмыз. Негізі спринтерлік бәсекеде жартылай финалға өтем деп ойламағам. Өте қуаныштымын.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде