359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: 27 маусымға арналған ойындар кестесі

  • 216
ӘЧ-2018: 27 маусымға арналған ойындар кестесі

Бүгін Ресейдегі доп додасында F және Е тобының командалары топтық кезеңді аяқтайды.

Әлем чемпиондары Германия Оңтүстік Кореямен алаңға шығады. Татарстан астанасы Қазан қаласында өтетін матч Астана уақытымен кешкі сегізде басталады. Дәл осы уақытта Екатеринбургта Мексика мен Швеция кездеседі. Бұл топта кәрістерден басқасы келесі кезеңге шығудан үмітті. Түнгі 12-де Е тобының командалары ойнайды. Мәскеудегі «Спартак» стадионында Сербия мен Бразилия алаңға шықса, Нижний Новгородта Швейцария мен Коста-Рика құрамалары сынға түседі. 1/8-ші финалдан үш команданың дәмесі бар. Тек Коста-Рика футболшылары плей-оффтан күні бұрын күдер үзген еді.

Хабар 24 телеарнасы