369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зырян қалысында 10-ға жуық шағын спорт кешені бой көтереді

  • 133
Зырян қалысында 10-ға жуық шағын спорт кешені бой көтереді

Шығыс Қазақстандағы шағын шаһарларда спорт алаңдары ашылып жатыр.

Осы жылдың соңына дейін тек Зырян қаласында 10-ға жуық шағын спорт кешені бой көтереді. Ол үшін аймақ бюджетінен 44 миллион теңге бөлінді. Қазір спорттық заттарды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жаттығуға арналған түрлі спорттық құралдар ойын алаңдары мен көпқабатты үйлердің ауласында орнатылады. Ал аулаларды абаттандыруға жергілікті кәсіпкерлер де демеушілік жасауға ынталы болып отыр.

Марина Изекова, Зырян қаласының тұрғыны:

– Қалада дәл мұндай үлкен спорт кешені бұрын болған жоқ. Бұл біздің балалар үшін жасалды. Қазір олар таңнан кешке дейін осы жерде болады. Бір жағынан халықтың салауатты өмір салтын ұстануы үшін жасалған жағдай деп түсеніміз.

Хабар 24 телеарнасы