352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде кәсіпқой каратэден жарыстар өткізіледі

  • 160

Қазақстан кәсіпқой киокушинге аяқ басты. Яғни,бұдан былай елімізде дәстүрлі каратэден бөлек кәсіпқойлар арасындағы жарыстар да өтіп тұрады.

Ал оған қатысушылар арнайы белдік пен қомақты қаржыны сарапқа салады. Мұндай келісім Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы мен халықаралық киокушин жекпе-жек ұйымы жетекшілері арасындағы кездесуде жасалды. Ал республикалық федерацияның вице-президенті Сайрамбек Әбілқайыров ұйымдағы Қазақстан өкілі болып тағайындалды.

Айта кетейік, кәсіпқойлар арасындағы жекпе-жек кеші бұған дейін Қызылордада өткізіліп көрген болатын. «Сыр шайқасы» атты аламан көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Енді ұйымға ресми мүше болғаннан кейін осындай үлгідегі жарыстардың қатары артады.

Хабар 24 телеарнасы