369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жартылай финалға шыққан Франция - Бельгия құрамалары өзара мықтыны анықтайды

  • 272
Жартылай финалға шыққан Франция - Бельгия құрамалары өзара мықтыны анықтайды

Ресейдегі ала доп аламаны аяқталуы жақын.

Бүгін жартылай финалға шыққан алғашқы жұп өзара мықтыны анықтайды. Астана уақытымен сағат 00:00-де Франция мен Бельгия құрамалары кездеседі. Қос команда да чемпионат барысында өздерін үздік қырынан ғана көрсетті. Әсіресе, қорғанысы мықты, шабуылда мүмкіндікті мүлт жібермейді. Сондықтан әлем сарапшылары нағыз фаворитті анықтау қиын дейді. Тағы бір айта кетерлерігі, Франция мен Бельгия құрамасында ауыр жарақат алып, жарыстан шығып қалғандар жоқ. Сондықтан Санкт-Петербург қаласындағы матч аса тартысты болады деп күтіліп отыр.

Роберто Мартинес, Бельгия құрамасының бас бапкері:

– Бельгия құрамасы тек аяқпен ғана емес, мимен ойнауға қатты көңіл бөледі. Жігіттер барлық шеберлігін салып, жеңіп шығуы керек. Сөздің шыны керек, дәл осындай команданы жасақтау үшін 2 жыл бойы еңбектендік. Енді соның жемісін көретін уақыт жеткен сияқты. Қазірдің өзінде жерлестеріміз бізді мақтан тұтады. Ал біз жеткен жетістікке тоқмейілсімей, бұдан да мықты екенімізді дәлелдегіміз келеді.

Кевин де Брюйне, Бельгия құрамасының мүшесі:

– Біздің қарсыласымыз өте мықты. Тіпті көп жағынан бір-бірімізге ұқсаймыз деуге де келеді. Соған қарамастан, физикалық та, психологиялық та жағынан алда болуға тырысып, жеңіске жетеміз деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы