«Тур де Франс»: Якоб Фульсанг 12-орынға төмендеді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

«Тур де Франс»: Якоб Фульсанг 12-орынға төмендеді

  • 82
«Тур де Франс»: Якоб Фульсанг 12-орынға төмендеді

«Астана» велокомандасының капитаны Якоб Фульсанг «Тур де Франс» көпкүндігінің 11-кезеңінде шаршап қалды.

Даниялық велошабандоз 10-кезеңде төртінші орынға көтеріліп, жалпы есепте топ жарудан дәмелі екенін байқатқан еді. Алайда қазақстандық команданың көшбасшысы кешегі 108 шақырымдық таулы кезеңде 26-болып мәре сызығын қиды. «Астана» велоспортшысы жалпы есепте 12-орынға төмендеп, «сары жейде» киген Герайнт Томастан 4 минут 53 секундқа қалып қойды. «Скай» велокомандасының өкілі 11-кезеңде топ жарып, жалпы есепте алға шықты. Екінші орында Томастың командаласы Крис Фрум келеді. Үздік үштікте голландиялық Том Дюмулен бар. Бүгін «Тур де Франстың» 175 шақырымдық 12-кезеңі өтеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде