352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конькишілер жаңа маусымға дайындықты пысықтауда

  • 132
Конькишілер жаңа маусымға дайындықты пысықтауда

Конькиден Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы маусымға дайындықты пысықтап жатыр.

Оқу-жиынды өткізуге Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінің мұзайдыны таңдалған. Әдетте бұнда шорт-трек шеберлері жаттығатын. Ал бүгін олардың орнына конькишілер шықты. «Осындай форматтағы жаттығу спортшылардың шеберлігін шыңдап, жылдамдығын арттыруға үлкен үлес қосады», – дейді бас бапкер Дмитрий Бабенко. Оның айтуынша, бұл тәжірибе әлемде бұрыннан қолданылып келеді және алдағы халықаралық, құрлықтық не әлемдік додаларда өз жемісін береріне сенімді.

Дмитрий Бабенко, ұлттық құраманың бас бапкері:

- Оқу-жаттығуды шорт-трек алаңында бастауды жөн көрдім. Осының алдында шетелде болып, роликпен дайындалған едік. Коньки спортында жетістікке жету үшін осындай жан-жақты және тынымсыз жаттығу қажет. Кейін осы жиған физикалық және психологиялық күшімізді коньки жарысына арналған алаңдарда қолданамыз.

Хабар 24 телеарнасы