369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы ел чемпионатына 100-ден аса велотрекші қатысып жатыр

  • 98
Астанадағы ел чемпионатына 100-ден аса велотрекші қатысып жатыр

Астана төрінде велотректен жасөспірімдер мен жастар арасындағы ұлттық чемпионат жалғасып жатыр.

«Сарыарқа» велотрегіне жиналған 100-ден аса спортшы бүгін, міне, 3-күн қатарынан өзара мықтыны анықтап әлек. Өйткені жарыс жеңімпазы ел чемпионы деген атақтан бөлек алдағы әлем чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Дүниежүзілік дода тамыздың 15-і мен 19-ы аралығында Швейцарияда өтеді. Оған ұлттық құрама командалық, жекелей және топтық сындар бойынша қатыспақ. Сонымен Астанадағы аламанда нақты кімдер топ жарып, байрақты бәсекеге кімдердің аттанатыны алдағы жұма күні белгілі болды. Оған дейін еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар тректің барлық түрі бойынша жарысты жалғастыра береді.

Ақтолын Әбдіжаппар, велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының шәкірті:

- Қазіргі болып жатқан чемпионат әлемдік додаға іріктеу болып есептеледі. Қатысып жатқаныма 5 жыл болды. Біздің ең негізгі мақсатымыз – командалық жарыста топ жару және Қазақстан рекордын жаңарту.

Хабар 24 телеарнасы