369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін XVIII жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылады

  • 378
Бүгін XVIII жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылады

18 тамыз күні Джакарта мен Палембанг қаласында 2018 жылғы Азия ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

XVIII жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты Астана уақытымен кешкі сағат 18:00-де басталады. Ресми шараның ашылу рәсімінде Қазақстан құрамасының байрағын 21 жастағы боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шығады.

Қазақстан жазғы Азия ойындарына тәуелсіз ел ретінде жетінші мәрте қатысады. Ең алғаш 1994 жылы Хиросимада өткен ойындарға қатысып, 25 алтын, 26 күміс, 26 қола (77) медальмен жалпы есепте 4-орынға ие болған еді. Ал 1998 жылы Бангкокта өткен Азия ойындарында 24 алтын, 24 күміс, 32 қола медальмен жалпы есепте 5-орынға табан тіреді. 2002 жылы Пусанда өткен ойындарда 20 алтын, 26 күміс, 30 қола медальмен қайта 4-орынға ие болса, 2006 жылы Дохада өткен Азиадада 23 алтын, 20 күміс, 30 қола медальмен үздік төртінші орынды сақтап қалды. Ал 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында 18 алтын, 23 күміс, 38 қола медальмен бесінші орынға сырғысақ, 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медальмен жалпы есепте қайтадан төртінші орынға көтерілді. Міне биылғы меже де осы үздік төртінші орыннан төмен сырғымау екені айдан анық. Биыл тамыздың 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында Джакарта мен Палембанг қаласында өтетін Азия ойындарына 440 спортшы қатысады. Онда 462 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық атлеттер спорттың 38 түрінен жарыс жолына шығады.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы