353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Академиялық есу: Қазақстандық екі спортшы ширек финалға өтті

  • 87
Академиялық есу: Қазақстандық екі спортшы ширек финалға өтті olympic.kz

Азия ойындарында академиялық есушілер де жарысты бастап кетті.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Іріктеу кезеңінде 7-орын иеленген В.Яковлев ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ жекелей сында Александра Опачанова мәреге төртінші болып келді. Ол енді ширек финалда сынға түседі.

Шашков/Васильев жұбы іріктеу сынында 8-орыннан көрініп, ширек финалға өтті.

Мочула/Пойда, Таскин/Васильев, Чепикова/Германович жұптары да іріктеуден сүрінбей өтіп, келесі айналымға жолдама алды.

Хабар 24 телеарнасы