356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның футзалдан әйелдер құрамасы шеберлік сабағын өткізді

  • 101
Қазақстанның футзалдан әйелдер құрамасы шеберлік сабағын өткізді

Қазақстанның футзалдан әйелдер құрамасы «Спорт менің ауламда» жобасының қатысушыларына  шеберлік сабағын  өткізді.

Жақында Алматыда футзалдан студенттер арасында өткен әлем чемпионаты қатысушылары Алмалы ауданында орналасқан футбол алаңында «Спорт менің ауламда» бағдарламасының  қатысушыларына шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ақпараттық-спорттық ХАБ.

Спорттық шара барысында ұлттық құраманың мүшелері жеткіншектермен жаттығу жасап, пенальти тепті, артынша футзалшы қыздар фристайл көрсетіп, балаларға қарсы футбол ойнады. Бұл шеберлік сабаққа Бостандық және Алмалы аудандарынан келген 90 бала қатысты.

Спорттық шараның соңында Қазақстан құрамасының мүшелері мен балалар  естелік суретке түсіп, қолтаңба беруімен аяқталды. Артынша «Спорт менің ауламда» жобасының ұйымдастырушылары  ойыншыларға арналған медалдарды табыстады.

«Бұл өте керемет оқиға. Біз балаларға спортты насихаттап жүргенімізге ризамыз, сондықтан осы шараға келіп қолдау көрсеттік. Әлем чемпионатында барлық жанкүйерлердің қалай қолдау көрсеткені әлі есмізде. Бізге өте ұнады. Иә, жүлде алмағынымыз, әрине өкінішіті, оның себебі қарсыластарымыздың деңгейі әлдеқайда жоғары болды. Келесі жолы сәті түсер», - деп өз ойын Қазақстан құрамасының  ойыншысы Әлия Садвакасова түйіндеді.

Айта кеткен жөн, осының алдында да ұлттық құрама ойыншылары басқа ауданда орналасқан жаңа алаңда шеберлік сабағын өткізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы