Қазақстан футболшылары Венгрия құрамасын 3:2 есебімен жеңді
- 300

Түнде Будапештте футболдан Қазақстан және Венгрия құрамалары арасында өткен жолдастық кездесуде аяқдопшыларымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл мачтың, әсіресе, жерлестеріміз үшін маңызы зор. Өйткені жақында ғана сайланған жаңа бапкер жігіттердің қарым-қабілетін байқап, алдағы уақытта ел намысын қорғайтын аяқдопшыларды іріктеп алады. Мажарстан футболшылары үшін де бұл шеберлікті шыңдап, тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болғаны анық. Айта кетейік, Қазақстан мен Венгрия құрамалары ең соңғы рет 2014 жылы кездескен еді. Ол кезде Венгрия 3: 0 есебімен жеңген еді. Ал 26 наурыз күні футболшыларымыз Болгария құрамасымен кездеседі.
Related items
- Криштиану Роналду аргентиналық арумен кездесіп жүргенін хабарлады
- Футболшы ойын барысында алмастырылғанына наразы болып, бапкерін ұрып жіберді
- Қазақстандық белгілі футболшы «Қайратты» жаттықтыратын болды
- «Интер» футболшылары жейдесіне Инстаграмдағы никнеймдерін жазып шықты
- Танымал футболшы «Барселонадан» шарап үшін Қытайға кетпекші