Хабар 24
LIVELIVE

Елбасы Бас прокурор мен Ішкі істер министріне Д.Теннің өліміне қатысты істі ерекше бақылауға алуды тапсырды

  • 300
  • Media
Елбасы Бас прокурор мен Ішкі істер министріне Д.Теннің өліміне қатысты істі ерекше бақылауға алуды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

back to top