Хабар 24
LIVELIVE

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәні оқытылады

  • 378
  • Media
Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәні оқытылады

Елімізде «Бизнес бастау» жобасы аясында 30 мың ауыл тұрғыны кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» ұлттық палатасының өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, биыл жоба аясында 6 мың адам өз ісін бастап немесе кәсібін кеңейтуі тиіс. Былтыр бұл бағыттағы оқыту курстары 80-нен астам ауылдық елді мекенде өтті. Нәтижесінде өзін-өзі еңбекпен қамтыған адамдар саны еселеп артқан.

Айта кетейік, «Атамекен» палатасы былтыр мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты пән енгізуді ұсынған болатын. Сол арқылы алдағы қыркүйек айынан бастап жас ұрпақты арнайы әзірленген оқулықпен оқыту басталады.

Бауыржан Оразғалиев, «Атамекен» ҰКП департамент директоры:

– Біз былтыр 80 ауданды қамтып, Қазақстанның барлық түкпірінде барлық өңірлерде 15 мың адамды бизнеске әкелдік. Оның ішінде 3314 адам бизнесін ашты немесе кеңейтті. Яғни «Атамекен» палатасы өзіне бір нақты міндеттеме алды. 3300 адамды оқыттық. Негізгі мақсаты – адамды бизнеске баулу, психологиясын өзгерту, өзін жұмыспен қамту.

back to top