Хабар 24
LIVELIVE

Ғалымдар қандай тіс пастасының эмаль қабатын қорғайтынын анықтады

  • 189
Ғалымдар қандай тіс пастасының эмаль қабатын қорғайтынын анықтады Shutterstock

Берн университеті мен Сан-Паулу университетінің ғалымдары бірлескен еңбек жүргізген еді.

Оқымыстылардың айтуынша, адам тісінің эмаль қабатын бір де бір паста қорғай алмайтын болып шықты. Алуан түрлі зертхана жұмысы кезінде адамзат үшін маңызды эмаль қабатының қорғанысын тіпті ең қымбат тіс пасталарының өзі қамтамасыз ете алмайтыны анықталды. Өйткені тістің ауруына себеп болатын ауыз қуысындағы микробтар пастамен ысқаннан кейін қалып қояды екен.

Ал эмаль қабатының механикалық эрозиясы тісті ағартқыш қасиеті бар пасталарды жиі қолданудан болады.

Жалпы пасталар тістің ауруын емдей алмайды. Олар жүргізіліп жатқан емге тек қосымша демеу болады.

Дереккөз: ScienceDaily

Аударған: Г.Абилова

back to top