Сарапшылар: Еңбек өнімділігі мен адами капиталға сенім арту аздық етеді

Еліміздің экономикасы бәсекеге қабілетті елдермен иық теңестіру үшін даму жолындағы ұмтылысын ілгерілетпек.

Бұл тұрғыда тек еңбек өнімділігі мен адами капиталға сенім арту аздық етеді. «Экономиканың шикізаттан тәуелсіз саласына ден қою керек», – дейді сарапшылар. Әсіресе экспорт көлемін арттыру дамуға серпін бермек. Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты Жолдауында осы бағытқа баса мән бергені белгілі. Мақсатты жүзеге асыру үшін Ұлттық экспорттық стратегия әзірленіп, 400 өндіруші және экспорттаушы компанияға жалпы 47 млрд 600 млн теңге мөлшерінде қаржылық қолдау көрсетілді. Соның нәтижесінде өткен жылы өнімді қайта өңдеу экспортының үлесі 32,5%-ға өсіп, әлемнің 115 елін қамтыды. Бұл көрсеткіш 2025 жылға дейін қойылған тапсырмаға толық сәйкес келеді.

Наталья Калашникова, Еуразиялық ықпалдастық институты директорының орынбасары:

– Саясаттанушы ретінде өз басым модернизация процестеріне қызығушылық білдіремін. Мәселен, бүгінде Қазақстан әлем бойынша экономика, әлеуметтік сала және саясат жағынан ілгері жылжып келетін елдердің қатарынан көрініп отыр. Осы тұста, бұл сара жол көреген саясатты әу-бастан ұстанған көшбасшының көзқарасына тікелей байланысты.