Ғұсман Қырғызбаев – күміс жүлдегер

Будапешттегі дзюдодан әлем чемпионатында Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдегер атанды.

60 келі санатында өнер көрсеткен ол финалдық бәсекеде ресейлік Яго Абу-Ладзеге есе жіберді. Жерлесіміздің қарсыласы ә дегеннен ширақ қимылдады. Ал белдесудің соңында «ип-пон» әдісін қолданып, таза жеңіске жетті. Осылайша, жарыстың алғашқы күні дзюдодан қазақстанның ерлер құрамасы алтынға қол жеткізе алмады.Тағы бір қазақстандық, жастар арасында 2015 жылғы әлем чемпионы Мағжан Шәмшәдин қола жүлде үшін тартыста Әзербайжан өкілі Карамат Хусейновтен ұтылды.