Блогерлер 2.0. Қоқыс басқан қоғаммен күрес

Біз жалпы экология мәселесін аз қозғаймыз ба? Осы уақытта жыл сайын Қазақстанда полигондарға 6 млн тонна күл-қоқыс шығарылады екен. Ал онда жиылып жатқаны 43 млрд тоннадай. Өңделмеген. Қазір жер кең, халық аз. Білінбейді. Алайда ертең ел қарасы өскенде қалаларымыздың маңындағы қоқыс әбігерге салары хақ. Бұл жайлы әлеуметтік желі қолданушысы Нұрмұхаммед Байғараев не дейді? Желіде талқыланған осы және өзге де тақырыптар бүгінгі шығарылымда.