Бастау керек. «Рухани жаңғырудың» бір жылдық нәтижесі

Елбасы Н.Назарбаев әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында 2017 жылы үшінші модернизация, артынан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» реформалық мақаласын жариялаған болатын. Арада бір жыл өтті, түрлі игі бастамалар қолға алынды. Бағдарламамыздың бүгінгі санын осы бір жылдық нәтижеге арнамақпыз. Осы уақытта қоғамның санасы қаншалықты жаңғырды? Қандай өзгерістер орын алды? Сұрақтарымызға жауап беретін мамандарды студиямызға арнайы шақырдық.